«Кеңес Одағының Батыры И.М.Бережной атындағы Келлер орта мектебінде»9-10сынып оқушыларының арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру бағытында білім алушылардың мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік педагог Абдрахманова Г.Б ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушыларының арасында
«Ауылда тұрудың үш артықшылығы » ой-бөліс сайысы өтті.
Мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау бүгiнде аса маңызды мәселе. Қай елдiң болсын ұлттық ерекшелiктерiнiң сақталып, дамытатын, еңселi ертеңiмен жалғастырар алтын көпiр – мектеп. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа.




