2024-2025 оқу жылында «Білім күні» 1 қыркүйекте, «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара өтті.
Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
Міндеттері:
– білім алушыларға патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
– өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру;
– қатысушыларды алдыңғы оқу жылының жетістіктері туралы хабардар ету.
Салтанатты шараға келесідей өкілдердің қатысуы ұсынылады:
— білім беру саласындағы еңбек ардагерлері;
— білім бөлімдерінің/басқармаларының басшылары;
— қамқоршылық кеңес мүшелері;
— білім алушылардың ата-аналары



