01.04.2025ж Мектебімізде экология айлығы басталды.
Биология пәнінің мұғалімдері экология айлығының басталғанын хабарлады. Айлық аясында бірқатар шаралар жоспарланған, соның ішінде ең маңыздысы — көшет отырғызу акциясы. Бұл шара оқушыларды табиғатты аялауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулуды көздейді. Барлық сыныптар мен оқушылар белсенді қатысуға шақырылады. Әрбір отырғызылған көшет — жарқын болашаққа жасалған бір қадам!

